Атаулы әлеуметтік көмек алған 58 мың отбасы кедейлік жағдайынан шықты

170

2024 жылдың үш айында 7,8 млрд теңгеге 58,8 мың отбасы (312 мың адам) АӘК алды. 

Атаулы әлеуметтік көмек алған 58 мың отбасы кедейлік жағдайынан шықты Фото: inbusiness.kz

2023 жылы және 2024 жылдың бірінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған 58 445 отбасы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кедейлік жағдайынан шығып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Еңбекминге сілтеме жасап.

2023 жылы жалпы сомасы 59,4 млрд теңгеге 114,1 мың отбасы (598,4 мың адам), 2024 жылдың үш айында 7,8 млрд теңгеге 58,8 мың отбасы (312 мың адам) АӘК алды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірлік бөліністе АӘК алушылардың ең көп саны Түркістан облысында – 27 мың отбасы (23,7%), Шымкент қаласында – 12,7 мың отбасы (11,2%), Алматы – 9,5 мың отбасы (8,3%), Қызылорда облыстарында – 9,4 мың отбасы (8,2%).

АӘК алушылардың ең аз саны Ұлытау – 538 отбасы (0,5%), Атырау – 1,1 мың отбасы (0,9%), Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1,6 мың отбасы (1,4%) байқалып отыр.

АӘК алушылардың құрылымында басым көпшілігі балалардың үлесіне келеді – 65,4% немесе 391,2 мың адам, жұмыс істейтін азаматтар – 15,1% немесе 90,6 мың адам; балаларды, қарттарды және мүгедектігі бар адамдарды күтетін адамдар – 12,4% немесе 74,2 мың адам; қалған 7,1%-ы азаматтардың басқа санаттарына жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу