Атырау облысында 11 айда 3 109 адам қызылша жұқтырған

802

Бұл туралы Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау облысында 11 айда 3 109 адам қызылша жұқтырған Фото: canva.com

"Атырау облысында 2023 жылдың 2 наурыз – 2 ақпан аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 8 816 жағдай тіркелді. Зертханалық жолмен 3 109 жағдайда қызылша ауруы дәлелденді. Қазір 1 639 талдаудың зертханалық қорытындысы әлі анықталмады. Атырау облысына Түркиядан – 3, Тәжікстаннан – 2, Біріккен Араб Әмірлігінен 1 адам қызылшаны жұқтырып келген. Ал, Алматы қаласынан – 1, Астана қаласынан – 1, Түркістан облысынан – 1,Ақтөбе облысынан келген 6 адамнан қызылшаны ауруы анықталды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қызылшаны жұқтыру дерегі Атырау қаласы мен 7 ауданда да тіркеліп отыр. Мәселен, Атырау қаласында 2 637 адам қызылшамен ауырған. Ал, Жылыой ауданында 123, Мақатта – 79, Исатайда – 65, Құрманғазыда – 62, Махамбетте – 57, Қызылқоғада – 48, Индер ауданында 38 адамнан қызылша анықталған.

Департаменттің мәліметіне сүйенсек, Атырау облысында 2019 жылы қызылша ауруының 774 дерегі тіркелген. Ал, 2021-2022 жылдары бұл ауру тіркелген жоқ. Былтырғы 2 наурызда Түркиядан келген азаматтың баласы қызылшаны жұқтырып келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу