Атырауда тұрғын үйде газ жарылды

408

Өрт салдарынан 5 адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды.

Атырауда тұрғын үйде газ жарылды Фото: ТЖД

Атырауда жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Атырау облысы ТЖД-нің мәліметінше, 2024 жылғы 2 қаңтарда сағат 11:10-да Call орталығына Атырау қаласы, Көкарна ауылы, Көкарна көшесі мекен жайындағы тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы қоңырау түскен.

"Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде газ-ауа қоспасының дүмпу орын алғаны, содан кейін 9 ш. м көлемінде қабырғаның қирауы және 140 ш. м алаңда үйдің жануы анықталды. Өрт сағат 12:03-те оқшауланды, сағат 12:22-де жойылды. Өрт салдарынан 5 адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 16 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу