Атырауда жол құрылысы жеделдетіледі

209

Әкім жол құрылысына қатысты кемшіліктерді жедел жоюды тапсырды.  

Атырауда жол құрылысы жеделдетіледі Фото: gov.kz

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов облыс орталығында салынып және жөнделіп жатқан жолдардың жағдайын тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңір басшысы мердігерлерге жұмысты жеделдетіп, белгіленген мерзімдерді сақтауды тапсырды.

Әкім "Көктем" базары маңындағы Жастар көшесін қайта жаңғырту учаскесіндегі жұмыстармен танысты. Мұнда инженерлік желілерді гильзалау, топырақты нығыздау және ауыстыру жұмыстарын жеделдетіп, асфальт төсеуді бастау тапсырылды. Жолдағы көлік қозғалысын тамыздың 20-сына қарай ашу жоспарланып отыр.

Т.Бигелдинов көшесіндегі 1,6 шақырым жолды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Мердігерге техника мен жұмысшылар санын көбейтіп, құрылысты қазан айының соңына дейін аяқтау міндеттелді.

Абай көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын 31 тамызға дейін, ал Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры алдындағы учаскеде асфальт төсеуді 21 тамызға дейін аяқтау жоспарланған.

Махамбет көшесінде 1,4 шақырым жол жөнделіп жатыр. Жолдың алғашқы қабаты төселіп, сапасы зертханада тексерілуде. 600 метр учаскеде көлік қозғалысын 17 тамызда ашу көзделген.

Сондай-ақ әкім әлеуметтік желілерде тараған жол бойындағы ағаштарды "бетондау" мәселесін көтерді. Мердігердің түсіндіруінше, бетон жиектастарды бекіту үшін қолданылған. Ерітінді төгілген жерлердегі кемшіліктер жойылған.

Облыс әкімі жол құрылысына қатысты барлық жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Оның айтуынша, құрылыс маусымының әр күнін тиімді пайдаланып, жұмыстарды кідіріссіз жүргізу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу