Атырауда журналистің көлігі өртенді

476

Атырауда журналист Виктор Сутягиннің көлігі өртенді.  

Атырауда журналистің көлігі өртенді Фото: Polisia.kz

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"11 мамыр күні сағат 04:21 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының автопатрульдік экипажы Наурызалиев көшесіндегі үйдің жанынан өртеніп жатқан Lexus RX-300 автокөлігін көрді.

Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жіберілді.

Жарылыс белгілері табылған жоқ", делінген хабарламада.

Оқиға орнында қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Болған оқиғаның себеп-салдарлары анықталып жатыр. 

Жәбірленушінің өтініші ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу