Атырауда "Жыл кәсіпкері - 2022" байқауы өтті

539

Атырауда "Жыл кәсіпкері - 2022" байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  

Атырауда "Жыл кәсіпкері - 2022" байқауы өтті Фото: ortcom.kz

Атырауда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда жетістіктерімен дараланған сала үздіктері марапатталды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысты.

"Жыл кәсіпкері - 2022" өңірлік байқауына қатысуға 123 өтініш түскен. Олардың арасында 24 жастағы Азамат Хабибуллин "Үздік жас кәсіпкер" номинациясы бойынша үздік атанды. Ал "Үздік сәтті старт" номинациясымен Атырау қаласының "Риза", "Булки Хауз" ЖК директоры Ұлболсын Ерубаева, "Үздік қызмет саласы" номинациясымен Исатай ауданының "Игілік" ЖК директоры Нұркен Ғайдаров марапатталды.

Ал "Үздік өндіруші" номинациясын махамбеттік "Дастан" ШҚ директоры Қоныс Ерманов, "Жыл кәсіпкері" номинациясын "Sultan Palaсe Hotel" ЖШС құрылтайшысы Гүлнар Жолмұханова, "Туризм саласының үздігі" номинациясын "Нұрлы-Тал" ЖШС директоры Гүлжан Күзекешова, "Үздік екінші деңгейлі банк" номинациясын "Еуразиялық банк" АҚ АФ директоры Әлия Өтепқалиева иеленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу