Тексеру кезінде оған екі қызметкер келіп, тыйым салынған заттар бар‑жоғын көрмек болған. Бұл әрекет ер адамға ұнамаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Уақытша ұстау изоляторындағы тәртіп ережелері туралы ескертуге жауап ретінде ер адам өзінің жеке заттарын ешкімнің алуға құқығы жоқ екенін айтып, олар өзінде қалатынын мәлімдеген. Осыдан кейін сөз таласы басталды. Алдымен ол екі қолымен бір полицейді кеудесінен итерген.
Қызметкерлер оған қолкісен тағуға әрекет жасағанда, ол қарсылық көрсетіп, сержантты төрт рет басымен ұрған.
Полицейдің сол көзінің жанында көгерген із, ал сол қолында жарақат пайда болды. Сараптама бұл жарақаттар денсаулыққа қысқа мерзімді зиян келтірмегенін анықтады.
Кейін ер адам кінәсін толық мойындап, қолкісен тағуға әрекет жасаған кезде ашуланғанын түсіндірді, жәбірленушіден кешірім сұрап, жеңіл жаза тағайындауды өтінді. Полицей оған шағымданбады.
Жаңа жанжал болған кезде оның бұрынғы соттылығы әлі күшінде еді.
Атыраулық азамат бұл жолы қоғамнан оқшаулау мекемесінің қызметкеріне күш қолданғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын ол орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейтін болды.