Атыраулықтар жеке тұрғын үй құрылысын жүргізе алмайды

528

Атырауда инфрақұрылымы жүргізіліп, дайынтұрған жаңа ықшам аудан жоқ.

Атыраулықтар жеке тұрғын үй құрылысын жүргізе алмайды

Баспана саламын деп сарыла кезек күтіп жүргендерге биыл жер телімі берілмейді. Әкімдіктің мұндай шешіміне не себеп? Бұған жергілікті тұрғындардың көзқарасы қандай? 

Талғат Өтеғұлов жер телімін 3 жылдан берікүтіп жүр. Қала аумағынан жеке баспанасын салмақ ойда. Соңғы жаңалықты естіп мүлдем көңілі түсіпті. Мына түрімізбен 30 жыл өтсе де жер ала алмаймыз деп ренжулі.

"Бүгін ғана өз кезегімді тексердім. Қазір 9 мың 533 -інші болып тұрмын. Әрине жер алып, өз үйімді салғым келеді. Бірақ тіпті 30 жыл өтсе де, аламын деген үмітім үзілді. Кезек күтіп жүрген таныстарымда көп. Бұл дұрыс емес деп есептеймін", - деп наразылығын білдірді қала тұрғыны Талғат Өтеғұлов.

Ал Атырауда инфрақұрылымы жүргізіліп, дайынтұрған жаңа ықшам аудан жоқ. Биыл жер телімін беру сол себепті тоқтаған. Газбен суы және жарығы тартылмаған аумақтар халыққа үлестірілмейді дейді жауаптылар.

"Қаланың ішінде осы 2023 ке жоспарда жоқ. Басқа аудандарда бар. Жыл сайын облыста шамамен 1000 нан астам жер беріледі. Яғни оның ішінде қазіргі кезде мемлекеттік қызмет болғасын, жер учаскесін жеке тұрғын үй алу үшін егов арқылы үйде отырып бере алады", - дейді Облыстық жер қатынастарыбасқармасының бөлім басшысы Назкен Өтешева.

Қазір Атырау облысында 139 мың адам жеркезегін күтіп жүр. Оның 106 мыңы құрылысқа қажетті жеке аумағын шаhар ішіненалғысы келеді. Бірақ қаланың қақ ортасынан жердің қашан бұйыратыны әлі белгісіз.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу