Әуежай құрлысын бақылайтын үкіметтік комиссия құрылды

484

Шымкентте құрылысы сағызша созылған әуежай терминалын салу жұмысын енді үкіметтік комиссия бақылайды. 

Әуежай құрлысын бақылайтын үкіметтік комиссия құрылды Фото: baq.kz

Бес жылдан бері салынып бітпей жатқан терминалды бақылу үшін құрылған топқа Премьер-Министрдің бірінші орынбасары төрағалық етпек. Құрамына бірнеше ведмостваның өкілдері енген арнайы топқа Үкімет басшысы  нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Жаңадан жасақталған құрамның істі неден бастайтыны әзірге белгісіз. Ал, қала билігі жаңа терминалда тиісті құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатқанын айтады. Қазір құрылыстың 85 пайызы аяқталған.  

"Не себепті созылып келе жатыр дейсіздер ғой. Ең бірінші себеп бұл 2020 жылдағы пандемияның кесірі. Шығындары көбейіп кетті да СКАТ әуе компаниясының салатын қаржысы болмай қалды. Екіншіден бұл жобаны жүзеге асыру үшін шетел мамандарын тартты. Сондай жұмыстардың себебінен мерзімін ұзартуға тура келді", дейді Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаев.

Айтып өту керек, Шымкент еліміздегі үшінші мегаполис саналғанымен мұндағы әуежай талаптарға толық жауап бермейді. Ескі терминал сағатына бар болғаны 200 жолаушыны ғана өткізуге есептелген. Сондықтан 2018 жылы жаңа терминал салу туралы тапсырма беріліп, құрылыс басталған. Содан бері үміт ақталмай отыр. Осы мәселені, жыл басында қалаға арнайы іс сапармен келген үкімет басшысының өзі сынға алған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу