Ауғанстанда зілзаладан қаза тапқандар саны 920-дан асты

652

Құтқару-іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Ауғанстанда зілзаладан қаза тапқандар саны 920-дан асты

Ауғанстанның шығыс бөлігіндегі жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 920-дан асты. Шамамен 600 адам түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Tolo News дерегіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Ауғанстанның шығысындағы Хост және Пактика провинцияларындағы жер сілкінісінен 255 адамның ажал құшқаны хабарланған болатын. Еуро-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулері Пәкістан мен Үндістанға да жеткен.

Қазір мамандар құтқару-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу