Ауыл шаруашылығы министрі ет бағасы қанша болуы керектігін айтты

597

Ішкі нарықтағы көтерме баға 3-4 мың теңге болады. 

Ауыл шаруашылығы министрі ет бағасы қанша болуы керектігін айтты Фото: Үкімет

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сиыр етінің бағасы қандай болуы керек деген сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Журналистер "Желіде шаруалардың бірі сиыр етінің бағасы келісі үшін 10-12 мың теңге болуы керек екенін айтты. Еттің нақты бағасы қанша болуы тиіс?" деп сұрады.

"Фермерлер бір келі 10-12 мың теңгеден болуы керек дегенде экспорттық бағаны айтып отыр. Бүгінгі таңда экспорттық баға еттің санатына байланысты 4,5 мың теңгеден басталып, 6 мың теңгеге дейін жетеді. Бұл еттің қоңдылығына қарай өзгереді, баға соған байланысты қалыптасады. Ал ішкі нарықтағы ет бағасы тірі салмаққа келісіне 1,6-1,8 мың теңге аралығында. Бір уақытта ол 2 мың теңгеге дейін жеткен, ал қазір орташа есеппен 1,7 мың теңге болып отыр. Егер осы 1,7 мың теңгені ет бағасына шақсақ, онда ішкі нарықтағы көтерме баға 3-4 мың теңге болады", – деді Айдарбек Сапаров.

Айта кету керек, бұған дейін отандық ірімшіктің сапасы импорттық өнімдерден еш кем түспейтінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу