Ауыл шаруашылығы министрлігі журналистер арасында байқау жариялады

1436

Ауыл шаруашылығы министрлігі журналистер арасында байқау жариялады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында "кооперация" тақырыбын насихаттауға арналған "Кооперация – ауыл болашағы" атты журналистер байқауын жариялайды. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Байқау Мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына жолдауындағы тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы өндірушілерінің кооперацияға бірігіп, жұмыс жүргізуінің артықшылықтары мен оңды жақтарын халыққа ұғынықты түсіндіріп таратуға және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамаларын қоғамдық санада ілгерілетуге үлес қосатын үздік жұмыстарды анықтау мақсатында өткізіледі.

Оның мақсаттары мен міндеттері республиканың барлық өңірлерінде іске асырылып жатқан кооперация үдерістері туралы қоғамда оң пікір қалыптастыру, ауыл шаруашылығы тақырыбына маманданған журналистердің қызметін көрсетіп, көтермелеу және ынталандыру, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жасампаз образын БАҚ кеңістігіне орнықтырып, осы салаға маманданған журналистердің кәсіби денгейін дамыту.

Байқауға республикалық және өңірлік БАҚ-тың кәсіби журналистері, штаттық және штаттан тыс журналистер, сондай-ақ Интернет-БАҚ өкілдері қатыса алады.

Байқау мына номинациялар бойынша өткізіледі:
Баспасөз (газеттер, журналдар), Радио, Теледидар, Интернет – БАҚ (оның ішінде жаңалықтар агенттіктері).
Байқауға биылғы 1 қаңтар мен 10 маусым аралығындағы кезең ішінде нақты шыққан немесе жарияланған жұмыстар қабылданады.

Байқау ережесі мен ұсынылу формасын mgov.kz сайтынан табуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу