Австралия Украинаға құны 19 млн доллар болатын қару-жарақ жібереді

928

Канберра 155 миллиметрлік алты M777 гаубица мен оларға арналған оқ-дәрілерді жеткізеді.

Австралия Украинаға құны 19 млн доллар болатын қару-жарақ жібереді

Австралия үкіметі Украинаға жеткізілетін әскери көмек көлемін арттыратынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресми дерек бойынша, жаңа пакет аясында Киевке 26,7 миллион австралиялық доллар (19,1 миллион доллар) тұратын ауыр артиллериялық қару-жарақ пен оқ-дәрілер жіберіледі.

Киевтің өтініші бойынша Канберра Украинаға 155 миллиметрлік алты M777 гаубица мен оларға арналған оқ-дәрілерді жеткізеді.

Осылайша, Австралия үкіметінің Украинаға қару-жарақ сатып алуға жұмсаған қаражатының жалпы көлемі 225 миллион австралиялық долларға (161,6 миллион доллар) дейін артты. Ал украин азаматтарына гуманитарлық көмек көрсету үшін, қоныс аударғандарға қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмектер сатып алу үшін бөлінген қаражат көлемі 65 миллион австралиялық долларға (46,6 миллион доллар) жетті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу