Әз Наурызды қармен қарсы алуымыз мүмкін — Қазгидромет

233

Наурыз айының екінші онкүндігінде қыстың ызғары қайта сезілетін болады, күн біршама суытады. 

Әз Наурызды қармен қарсы алуымыз мүмкін — Қазгидромет Фото: nscreative.kz/

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы 15-20 градусқа дейін, ал оңтүстікте 0-8 градусқа дейін төмендейді.

Жалпы наурыз айында Қазақстанның басым бөлігінде температураның орташа айлық көрсеткіші нормаға сай болады, тек Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында ауытқу — 1 градусқа жоғары, деп жазады inbusiness.kz.

"Наурыз айының басында (бірінші онкүндік) барлық аймақтарда тұрақсыз ауа температурасы сақталады — солтүстікте қар түрінде, оңтүстікте жаңбыр түрінде күшті жауын-шашын күтілуде. Солтүстік аймақтарда күндіз ауа температурасы бар болғаны 0-5 градус аяз деңгейінде көтерілуі мүмкін, ал оңтүстік бөлікте 10-15 градус жылы температура күтілуде.

Ал екінші онкүндікте қыстың ызғары қайта сезілетін болады, күн біршама суытады. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы 15-20 градусқа дейін, ал оңтүстікте 0-8 градусқа дейін төмендейді. Ал әз Наурыз мейрамында күн жылынады деп үміттенеміз, тіпті, солтүстік жақта 3-13 градус жылы болуы ықтимал, бірақ алдыңғы аязды ескерсек, қардың еріп үлгеруі екіталай, ал қалған өңірлерде ауа температурасы 15-20 градусқа дейін көтерілуі мүмкін", — деді "Қазгидромет" РМК Гидрометорталығының директоры Марина Шмидт.

Ал жауын-шашынның мөлшері еліміздің басым бөлігінде қалыпты деңгейде болады, тек оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс аймақтарда нормадан асуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу