Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың бұйрығымен ТЖМ азаматтық қорғау академиясының бастығы болып Ерлан Әлібеков тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"2023 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасының ТЖ министрі Сырым Шәріпханов Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының жеке құрамына оқу орнының жаңа бастығын таныстырды. Ол азаматтық қорғау полковнигі Әлібеков Ерлан Әлібекұлы болды", – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу