Әзербайжан Қарабаққа 140 мыңға жуық адамды қоныстандырмақ

483

Әлиев Таулы Қарабақтың инфрақұрылымдық және тұрғын үй нысандарына инвестиция салу қажет екенін атап өтті.   

Әзербайжан Қарабаққа 140 мыңға жуық адамды қоныстандырмақ Фото: armenianreport.com

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Таулы Қарабаққа 140 мыңға жуық адамды, оның ішінде аймақтан кеткен босқындарды қоныстандыратынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, бұл жоспар 2026 жылға дейін жүзеге асырылмақ. Оралғысы келетін армяндар Әзербайжан азаматтығын алуы тиіс.

Әлиев Таулы Қарабақтың инфрақұрылымдық және тұрғын үй нысандарына инвестиция салу қажет екенін атап өтті. Инвестицияларының негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы, гидроэнергетика, күн және жел энергетикасы, туризм.

"Оралғысы келетіндер оған құқылы. Олардың мүлкі қорғалған. Барлық тарихи және діни нысандар да солай. Оралу үшін белгілі бір ережелерді сақтауы керек. Қалғысы келетіндер Әзербайжан азаматтығын алуға өтініш тапсыруы керек",– деді Ильхам Әлиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу