Әзербайжан қорғаныс саласын күшейтуге қосымша $650 млн бөледі

386

Әзербайжан өзінің қорғаныс саласын күшейту үшін, биыл қосымша 650 млн доллар  бөледі. 

Әзербайжан қорғаныс саласын күшейтуге қосымша $650 млн бөледі Фото: ht.kz

Елдің қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, мемлекеттік бюджеттен 1 млрд манат немесе $588,2 млн доллар бөлу қарастырылған. Ол ақша қорғаныс саласындағы арнайы жобалар мен шараларды өткізуге жұмсалады. 

Ал жыл басында бұл салаға бөлінген қаражат 2 млрд 70 млн манат көлемінде болған еді. Қазір бұл заң жобасы Парламент талқылауында жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу