Әзербайжан мен Армения аптаны атыстан бастады

374

Армян тарапынан қаза тапқандар жоқ.  

Әзербайжан мен Армения аптаны атыстан бастады Фото: img8.eadaily.com

Өткен түнде Әзербайжанның Қарулы Күштері Сотка (Гегаркуник облысы) мен Ерасха (Арарат облысы) аймағындағы армян позицияларына оқ жаудырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Армения Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"00.45-тен 02.20-ға дейін Әзербайжан Қарулы Күштерінің бөлімшелері шекараның Шығыс (Сотк) және оңтүстік-батыс (Ерасх) бағыттарында орналасқан армян позицияларына әр түрлі калибрлі қару-жарақтан оқ жаудырды", — делінген хабарламада.

Армян тарапынан қаза тапқандар не зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады әскери бөлім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу