Әзербайжан Ұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің 100 жылдығын атап өтеді

643

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің өкімімен 28 қараша күні Республикада 2023 жылдың Гейдар Әлиев жылы болып жариялануына байланысты бір іс-шаралар жоспары бекітілді. 

Әзербайжан Ұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің 100 жылдығын атап өтеді Фото: azerbaijan.az/

2023 жылы ең ірі Закавказье республикасында жалпыұлттық көшбасшының, бұрынғы президенттің және қазіргі Әзербайжан басшысының әкесінің туғанына жүз жыл толады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аталған жоспар аясында жоғары оқу орындарының ең мықты деген студенттеріне арналған "Гейдар Әлиев стипендиясы" қарастырылған. Сондай-ақ, жалпыұлттық көшбасшының жүз жылдығына арналған алтын тиындар шығарылып, "Гейдар Әлиев-100" мерейтойлық медалі жасалады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу