23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында 19-шы жазғы Азия ойындары өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Байрақты бәсекені қолдау мақсатында көршілес елдерде көптеген спорттық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Жуырда Азиялық олимпиадалық кеңесінің өкілдері Қазақстанға келді. Басқарушы ұйым өкілдері Алматы қаласында еліміздің ұлттық олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков пен ҚХР-ның Қазақстандағы Бас консулы Цзян Вэймен кездесті.
Басқосуда Азия ойындарына дайындық жұмыстары талқыланды. Сонымен бірге Құрлық жарысын қолдау мақсатында ұйымдастыру комитетінің өкілдері мен қала тұрғындары "Fun Run" жүгіру марафонына қатысады.
Айта кетейік, Ханчжоуда өтетін Азия ойындарына 45 мемлекетің атлеттері қатысады деп күтілуде. Жарысқа қатысушылар спорттың 40 түрінен жүлделер жиынтығын сарапқа салады.
"Ханчжоу қаласы дайын Азия ойындарын өткізуге жақсы деңгейде. Қытай кешенді жарыстарды өте жақсы өткізеді. Тәжірбиелері де бар. Пекин, Гуанжоу, Шаншун қалаларында жарыс ұйымдастырып өткізді. Дайындық өте керемет. Өз тарапымыздан министірлікпен бірігіп, құрама команданы жақсы деңгейде дайындап апару біздің мақсат. Соған ұлттық олимпиадалық комитеті өз тарапынан қолдау көрсетеді," - дейді ҰОК Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов.