Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары нәтижесіз – Рау

352

Қос өкпеден қысқан қымбатшылық Парламент қабырғасында бүгін тағы да сөз болды.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары нәтижесіз – Рау Фото: Ашық дереккөзден

Депутаттар әлденеше рет айтса да, жұрт жиі тұтынатын тауарлардың құны арзандамақ түгілі, тұрақтаудың орнына одан сайын шарықтап барады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Халық қалаулылары қанша сынап мінесе де, міз бақпайтын бағалар бетімен кетіп жатыр. Одан пайда бола ма, жоқ па, белгісіз, десек те бүгін тағы бір шулы мәлімдеме жасалды.

Бұл жолы Альберт Рау: "Үкімет пен әкімдіктердің әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары нәтижесіз" деп кесіп айтты. Мәжілісмен көкөністердің құны 27 пайызға күрт "семіргенін" естіп, шалқасынан түсіпті. Картоп, қант, пияздың да негізсіз өсіп тұратынын алға тартты.

"Осы жылдың ақпан айында инфляция 21% - болып, өзінің шарықтау шегіне жетті. Бұл кезеңде жаңа піскен көкөністер 27,9% - ға қымбаттап, салдарынан инфляцияның өсіміне 0,7 үлес қосты. Үкімет пен әкімдіктердің әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасын тұсап ұстап тұруға бағытталған шаралары нәтиже бермей келеді. Бағалар өсуде", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу