Азық-түлік құны ырық бермей тұр

468

Атырау облысында әлеуметтік азық-түлік құны 103 пайызға өскен.

Азық-түлік құны ырық бермей тұр Фото: Ашық дереккөзден

Атырау облысында әлеуметтік азық-түлік құны 103 пайызға өскен. Жыл басынан бері, әсіресе, күріш, макарон өнімдері мен көкөніс бағасы шарықтапты. Ас атасының данасы да көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жергілікті жұрт тапқан табыс қажет тауарға жетпейді. Биліктегілер тұрақты ұстау үшін, еш шара қабылдап жатқан жоқ, дейді.

Мұнайлы өңір жұрты тұтынатын азық-түліктің дені облысқа Ресейден келеді. Өткен жылдың өзінде көрші елден импортталатын тауар көлемі 5 есеге арты. Соның салдарынан тұрғындар тағам түрлерінің шектен тыс қымбаттағанын сезген.

Облыста ас атасының да бағасы артты. Қазір жұрт нанның бір бөлкесін 91 теңгеге сатып алады. Оның өзі ұнды әкімдік арқылы алатын дүкендерден ғана табылады. Қалған жерде өнімнің құны 120 теңгеден кем емес.

Атырау облысы шенділерінің қолынан келмеген дүниені қарағандылықтар қолға алған. Өңірдегі жауаптылар ұн зауыттарымен бағаны өсірмеу бойынша меморандумға отырыпты. Есесіне облыста ас атасының бағасы соңғы 4 жылда тұрақты.

Көктемде ғана үкімет басшысы Әлихан Смайылов жауаптыларды құнды қадағалаңдар деп сыбап алған еді. Үнемі бақылауда болсын деді. Бірақ одан пайда болмай тұр. Азық-түлік бағасы күн сайын шарықтамаса, түсетін түрі жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу