БАӘ-де мұнай экспорты уақытша тоқтатылды

117

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі мұнай терминалдарының бірі Фуджейра портында дрон шабуылынан кейін мұнай экспорты тоқтады.    

БАӘ-де мұнай экспорты уақытша тоқтатылды Фото: armiya.az

Алдын ала мәліметке сәйкес, порт маңында қағып түсірілген ұшқышсыз аппараттың сынықтары құлап, салдарынан өрт шыққан, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Зардап шеккендер жоқ. Айта кету керек, Фуджейра Ормуз бұғазы арқылы тасымал шектелген жағдайда да мұнай экспортын жалғастыра алатын өңірдегі негізгі порттардың бірі.

Оқиғаға байланысты билік қосымша қауіпсіздік шараларын күшейткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу