БАӘ халқы 9 жыл ішінде екі есеге көбейді

958

БАӘ халқы 9 жыл ішінде екі есеге көбейді

Біріккен араб әмірлігінде 2008 жылдан бері халық саны 9 миллионға өскен, бұл өз кезегінде ел тұрғындарының екі есеге көбейгенін көрсетеді, деп хабарлайды kazislam.kz.

2008 жылы әмірлік халқы 4,8 миллионды құраған. БАӘ Бәсекеге қабілеттілік және статистика федералды басқармасы баяндамасында қазіргі күні әмірлікте 9 121 167 адам өмір сүретіні жазылған. Ал елдегі гендерлік қарым-қатынасқа келсек, әмірліктегі әр бір әйелге үш ер азаматтан келеді. Айта кету керек, БАӘ билігі халық санағын тұрақты жүргізіп келеді.

Үкіметтік шенеуніктердің айтуынша, бұл "БАӘ үшін болашақты жоспарлауда дұрыс шешім қабылдауға үлкен мүмкіндік береді".
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу