БАӘ мен Мысырдан келген 2 жолаушыдан COVID-19 анықталды

1066

14 қаңтарда Қазақстан аумағына Нидерланды, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. 

БАӘ мен Мысырдан келген 2 жолаушыдан COVID-19 анықталды

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 2 053 әуе жолаушысының ішінде 1 773 адам ПТР-тест анықтамасымен келсе, анықтамасыз 280 ел азаматы келген. 
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 750 жолаушы, анықтамамен – 644, анықтамасыз - 106;

- Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 1 095 жолаушы, анықтамамен - 948, анықтамасыз - 147; 
- Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 208 жолаушы, анықтамамен - 181, анықтамасыз 27 адам келген.

Анықтамасыз Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен сынама тапсырды және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

"2021 жылдың 13 қаңтарында анықтамасыз келген 94 Қазақстан азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде бір жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, тағы бір жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген", - деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу