Байден Финляндия мен Швецияны НАТО-ға қосу туралы құжатқа қол қойды

518

18 мамырда Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіруге ресми түрде өтініш берген еді.

Байден Финляндия мен Швецияны НАТО-ға қосу туралы құжатқа қол қойды

АҚШ Президенті Джо Байден Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруін ратификациялайтын құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақ үй басшысы скандинавиялық екі елдің НАТО-ға кіру туралы шешімі "одақ үшін, Еуропа мен Америка Құрама Штаттарының ғана емес, бүкіл әлемнің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін маңызды екенін" атап өтті.

"Америка Құрама Штаттары, Финляндия және Швеция қауіпсіздігімізге төнетін кез-келген қауіп-қатерлерге, кез-келген шабуылды болдырмауға және кез-келген агрессияға бірлесе қарсы тұруға міндеттеледі", – деді Байден.

Оның айтуынша, қауіп-қатердің алдын алу маңызды.

"Путин Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің тас-талқанынан шығарған кезде, автократтар құқықтық тәртіптің негіздеріне балта шапқан уақытта трансатлантикалық одақтың күші мен АҚШ-тың НАТО-ға деген адалдығы бұрынғыдан арта түскендей", – деп атап өтті президент.

18 мамырда Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіруге ресми түрде өтініш берген еді. Хельсинки мен Стокгольм НАТО-ның барлық мемлекеттері құжатты ратификациялағаннан кейін ұйымға кіре алады.

Түркия бұл елдер терроризмге қарсы күрес және Анкараның қауіпсіздік саласындағы ұстанымын қолдаған жағдайда ғана өтінімді мақұлдайтынын мәлімдеді.

28 маусымда өткен НАТО саммиті аясында Түркия, Финляндия және Швеция арасында үшжақты меморандумға қол қойылып, екі елдің НАТО-ға кіру процесі ресми түрде басталды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу