"Байтақ" және "Respublica" барлық аймақтағы мәслихат сайлауына қатысады

442

Тиісті қаулы ОСК отырысында қабылданды.  

"Байтақ" және "Respublica" барлық аймақтағы мәслихат сайлауына қатысады Фото: election.gov.kz

"Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы" мен "Respublica" партиясы барлық өңірдегі ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

ОСК ақпаратына сәйкес, "Байтақ" партиясы 15 өңірдегі, ал "Respublica" 19 өңірдегі мәслихат депутаттарының сайлауына жіберілді.

Орталық сайлау комиссиясы "Байтақ" партиясының партиялық тізімдер бойынша Абай, Ақмола, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарының, ал "Respublica" Атырау облысының мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға жіберу туралы қаулыны қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу