"Бақытты отбасы" қатысушыларынан қай санат алынып тасталды?

903

Бағдарламаға қатысушылар санатына жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар енгізілді. 

"Бақытты отбасы" қатысушыларынан қай санат алынып тасталды?

"Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысушылардан "толық емес отбасы" санаты алынып тасталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Жүргізілген мониторинг "Бақытты отбасы" бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап әкімдіктерде "толық емес отбасы" санаты бойынша кезекте тұрғандар саны 72%-ға немесе 61,6 мың адамға артқанын көрсетті.  2019 жылы 85 407 адам, ал 2022 жылы 146 986 адам кезекте тұрды", – деді спикер.

Бауыржан Қабдолдың айтуынша, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтініштердің жартысынан астамы аталған санаттан келіп түскен. Олардың ішінде 35%-ы жеңілдетілген қарыздар алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу