Бақытжан Сағынтаев Tesla өкілдерімен кездесті

879

Алматыда сервистік орталық, Tesla Motors шоурумын ашу және электр автомобильдерін зарядтау стансалары инфрақұрылымдарын салу мәселелері талқыланды.

Бақытжан Сағынтаев Tesla өкілдерімен кездесті

 

Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Tesla компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Алматыда сервистік орталық, Tesla Motors шоурумын ашу және электр автомобильдерін зарядтау стансалары инфрақұрылымдарын салу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, қалалықтардың мобилділігін арттыру мақсатында мегаполистің көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша бірқатар шара жүзеге асады. Қабылданған шешімдер жолдардың өткізу қабілетін, көлік қозғалысы қауіпсіздігін және қалада экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ететін болады.

Қазіргі кезде Алматыда электр автомобильдерінің 107 бірлігі тіркелген, олардың 67 бірлігі Tesla-нікі.  

Айта кетсек, Тesla компаниясы 2003 жылы АҚШ-та (Санта Клара, Калифорния) құрылған. Оның негізін қалаушылар – Илон Маск, Мартин Эберхард, Джефри Брайан.

Компания 2019 жылдың І жартыжылдығында 150 мыңнан астам автомобиль шығарған. Қазіргі кезде өндіріс көлемі аптасына 7 мыңнан астам электромобиль жасайды. Компанияның жалпы саны 10 мыңға жуық Supercharger қондырғыларымен жабдықталған 1250-ден астам зарядтаушы стансасы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу