Балалар спорт мектептері жан басына шаққан қаржыландыру стандартына көшеді

361

Қазіргі орташа көрсеткіш – 233 000 теңге.

Балалар спорт мектептері жан басына шаққан қаржыландыру стандартына көшеді Фото: gov.kz

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жан басына шаққан қаржыландыру стандарттары енгізіледі. Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Заңды екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар бұқаралық және балалар спортын дамытуға бағытталған түзетулер енгізді. Негізгі жаңалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне жан басына шаққан қаржыландыру стандартын енгізу болады. Бұл әр спортшыға жұмсалатын шығынды жылына 415 000 теңгеге дейін арттыруға жол ашады. Қазіргі орташа көрсеткіш – 233 000 теңге", – деп хабарлады Мәжіліс.

Сондай-ақ жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен мұғалімдерінің жалақысын көтеру жоспарланған. Ол біліктілік сынағынан өткен және оқу процесін ұлттық спорттық дайындық стандарттарына сәйкес жүзеге асыратын мамандарға жаттықтырушылық және оқытушылық біліктілігі үшін үстемеақы енгізу арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, санаты жоқ жас жаттықтырушының/мұғалімнің жалақысы 150 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейін артады.

Дене шынықтыру және спорт саласы үшін e-Спорт – цифрлық платформасының жұмыс істеуін заңды түрде бекіту ұсынылады. Ол спорт саласындағы әкімшілік деректерді басқаруды, жинауды, өңдеуді және талдауды автоматтандырады, сондай-ақ басқа IT жүйелерімен ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, бұған дейін Ыстықкөл аумағындағы Қазақстан меншігіне кіретін 4 санаторий қонақ үйге айналатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу