"Балдызын мамырда, қалғандарын қарашада өлтірген": Атырауда жоғалған отбасы жайлы тың дерек айтылды

253

Бұл туралы құзырлы органның мәліметінен белгілі болды. 

"Балдызын мамырда, қалғандарын қарашада өлтірген": Атырауда жоғалған отбасы жайлы тың дерек айтылды Фото: kznewskz

Атырау облысында бір отбасының өліміне қатысты тың дерек айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" газетіне сілтеме жасап. 

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, қанды қылмыс бір уақытта болмаған. Алғашқы және кейінгі қылмыс эпизодтарының арасында бірнеше ай уақыт өткені белгілі болды. Күдікті Сұлтан Сәрсемалиев өзінің балдызы Наурыз Мұқанғалиевті мамыр айында, ал қалған үш адамды қараша айында өлтірген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмысты марқұмдардың күйеубаласы жалғыз өзі жасаған. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша Сәрсемалиев ақыл-есі түзу деп танылды.

Айта кету керек, бұған дейін Атырауда жоғалған отбасының ісі бойынша күйеубаладан бөлек, қызы да күдікке ілінгенін жазғанбыз. Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты тағы бір айып тағылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу