Бас прокуратура шетелге заңсыз кеткен ақшаны қалай қайтаратынын мәлімдеді

728

Шетелге заңсыз кеткен ақшаны қайтарудың алгоритмі құрылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Бас прокуратура шетелге заңсыз кеткен ақшаны қалай қайтаратынын мәлімдеді

Бас прокуратура осындай мәлімдеме жасады. Жаңа әдістеме капиталды шетелге заңсыз аударған фактілер бойынша тергеу жүргізетін құқық қорғау органдарына жіберілді. Әр іс бойынша қаржыны қайтарудың стратегиялық жоспары құрылады. Ақшаның заңсыз жолмен шекара асқаны дәлелденсе, мүлік бұғатталады. Ол үшін халықаралық "Эгмонт" қаржылық барлау  агентігінің қызметіне жүгінеді. Аталған ұйым арқылы шетелдегі мүлікті бұғаттап, тәркілеуге болады. Бұл бағытта Бас прокуратура 33 елмен келісімге қол қойған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу