Батыс Қазақстан облысында "Рожков" кен орны ашылды

296

Бұл жерден 1 миллиард текше метрге дейін газ игеріп, одан 160 мың тонна сұйытылған газ өндіре аламыз.

Батыс Қазақстан облысында "Рожков" кен орны ашылды Фото: Inbusiness.kz

Соның арқасында енді Ұлттық қор - 501 млрд теңгеге, ал Республикалық және жергілікті бюджет - 110 млрд теңгеге толықпақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жаңа кен орнының салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов, MOL Group компаниясының барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Джомбор Мартон, Sinopec International Petroleum Exploration & Production Corporation компаниясының Басқарма төрағасы Го Юэлян қатысты.

Батыс Қазақстан облысындағы " Рожков" кен орны 2008 жылы ашылып, онда сол уақыттан бері ауқымды жұмыстар жүргізілді. Үлескер  Мажарстанның MOL Group және Қытайдың First International Оil Corporation (22,5%) компаниялары бірлескен жоба аясында жобаны дәл биыл аяқтап, іске қосу мүмкіндігі туды. Енді кен орны табиғи газ өндірудің қосымша көзіне айналмақ.

"Бұл жерден 1 миллиард текше метрге дейін газ игеріп, одан 160 мың тонна сұйытылған газ өндіре аламыз. Ол біздің мемлекетке аса керек екені анық. Одан өзге, 500 мың тонна конденсат алуды да ойлап отырмыз. Бұл елдің саяси-әлеуметтік бағытына пайдасы мол халықаралық деңгейдегі өте ауқымды жоба", - деді "ҚазМұнайГаз" АҚ ҰҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Кен орны Республикалық және жергілікті бюджетті 110 млрд теңгемен толықтырады. Шикізат "Жайықмұнай" компаниясында өндіріліп, кейін газ ішкі нарыққа жөнелтіледі. Жоба озық тәжірибелі шетелдік серіктестердің арқасында енгізіліп отыр.

"Мол" компаниясының Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқанына 20 жылға жуықтады. Бұл республика экономикасындағы ең ірі венгриялық инвестормыз. Осы жобадағы үлесіміз 27,5 пайыз.  Алда өзге де жобаларды қолға алуға мүмкіндік туады деп ойлаймын. Бұл Қазақстанның экономикасын дамытуға септігін тигізетіні анық", - дейді Mol Group Ресей-Қазақстан-Венгрия Бас директоры Евгений Лапшин.

Компанияның жұмыс пен қызмет көрсетуде жергілікті қамту үлесі 74 пайызды құрайды. Мамандар алда қажетті инвестиция көлемін анықтау үшін, кен орнының әлеуетін қазірден зерттеу керек деген ойда.

"Бүгінгі таңда бір ұңғымадан газ өндіріп жатырмыз. 4-5 айдың ішінде тағы да 4 ұңғыманы қосамыз. Сол кезде өндіретін газдың көлемі 500 миллионға дейін барады. Әрі қарай 2-фаза қосылғаннан кейін өндірілетін газдың көлемін 1 млрд текше метрге дейін алып барамыз", - дейді "ҚазМұнайГаз" АҚ ҰҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Брекешев.

Өткен жылдың қазан айында энергетика саласын дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы тауар газы өндірісінің көлемін ұлғайтуды тапсырды. Біз биыл мамыр айында Оңтүстік Ақсай кен орнын іске қоссақ, желтоқсан айының басында Шығыс Өріктау кен орнын өнеркәсіптік өндіріске бердік, ал жыл соңында Рожков кен орнын пайдалануға беріп отырмыз. Бұл жоба Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай дем береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу