Батыс Қазақстан облысының әкімі тағайындалды

645

Тиісті жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

Батыс Қазақстан облысының әкімі тағайындалды Фото: world-nan.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Нариман Төреғалиев 1964 жылы 19 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Есенсай ауылында туған.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1990) инженер-экономист, Каспий қоғамдық университетін (2004) заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын "ХVІІІ Партсъезд" атындағы ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисті, бас экономисті (1990-1995) болып бастады.

"Айтиево" өндірістік кешенінің жабдықтаушысы, экономисті, бас экономисті (1997-1999);

"Акжол" шаруа қожалығының басшысы (1999-2001);

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы (2001-2002);

Орал қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры (2002-2003);

Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары (2003-2005);

Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары (2005-2008);

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры (2008-2010);

Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы (2010-2012);

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі (2012-2015);

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2015-2016);

Орал қаласының әкімі (2016-2017) лауазымдарын атқарды.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу