Батыс Қазақстандағы автогаз құю станцияларына сұйытылған газдың қосымша қоры түсе бастады

206

Энергетика министрлігі БҚО мен Атырау облыстарын газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін сұйытылған мұнай газының қосымша көлемін бөлу бойынша жұмыстар жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.  

Батыс Қазақстандағы автогаз құю станцияларына сұйытылған газдың қосымша қоры түсе бастады Фото: aqtobegazeti.kz

"Атырау облысына қараша айына "Қазақойл-Ақтөбе" ЖШС, "Gas Processing Company" ЖШС және "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ қосымша 2108 тонна бөлді, оның ішінде 16 қарашадағы жағдай бойынша 521 тонна жеткізілді. Батыс Қазақстан облысына қараша айында "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-дан қосымша 504 тонна бөлінді. "Жайықмұнай" ЖШС-мен (Орал қаласында орналасқан) күн сайын айырбастау негізінде кемінде 60 тонна СМГ тиеп-жөнелте отырып, қосымша 400 тонна бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, олар Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) толық жұмыс режиміне шыққаннан кейін өтелетін болады",- делінген ақпаратта.

 Энергетика министрлігі "Теңізшевройл" ЖШС-мен БҚО мен Атырау облысына 1600 тонна қосымша сұйытылған мұнай газын бөлуге уағдаласты.

Бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газын өткізуші субъектілер жоғарыда аталған зауыттармен Энергетика министрлігі бөлген газ көлемін алу туралы келісімшарт жасады.

 "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ ақпаратына сәйкес, Атырау мұнай өңдеу зауыты ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 7-14 қараша аралығында сұйытылған мұнай газын сақтау паркіне жөнелтуді тоқтатты.

Атырау мұнай өңдеу зауыты толық жұмыс режиміне 28 қарашада көшеді. 23 қарашадан бастап қондырғыларды кезең-кезеңімен іске қосу бойынша қабылданған шаралар тәулігіне 600 тонна өндіруге мүмкіндік береді. 

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться