Белгілі журналист Мұхтар Түменбай өмірден өтті

646

Журналист бірқатар басылымдар мен республикалық телеарналарда еңбек етті.  

Белгілі журналист Мұхтар Түменбай өмірден өтті Фото: facebook/mukhtar.zhaksylykuly.tumenbay

Белгілі журналист Мұхтар Түменбай 55 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаралы хабарды алдымен Qazaqstan ұлттық телеарнасы көпшілікке жеткізді.

"Асылдың сынығы еді…

Тұлпардың тұяғы еді…

Арамызда аңқылдап жүрген адал досымыз, әділетсіздік атаулыға қаны қас жаужүрек бауырымыз – белгілі журналист Мұхтар Түменбай досымыздан қапыда айрылып қалдық…

Үйінде отырып, жүрегі кенет сыр беріпті. Бақұл бол, бауырым…", – деп жазды журналист Серікқали Мұқаш.

Мұхтар Түменбай 1970 жылы 11 тамызда дүниеге келген. Ол бірқатар басылымдар мен республикалық телеарналарда еңбек етті. 1992 жылы "Таңшолпан" бағдарламасының алғашқы журналистерінің бірі болды. Ал 2010-2012 жылдары бағдарламаға жетекшілік етті.

Сондай-ақ, "Qazaqstan" телеарнасындағы "Апта" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі болып жұмыс істеді. Белгілі журналист бірнеше деректі фильмдердің авторы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу