Бір ауыл - бір өнім

792

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров тиісті Жарлыққа қол қойып, республиканың барлық ауылдарын нақты бір өнім шығаруға мамандандыруды тапсырды.  

Бір ауыл - бір өнім Фото: img4.eadaily.com

Бұл туралы "Ферғана" АА ҚР басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Осылайша "Бір ауыл — бір өнім" ұлттық экономикалық жобасының іске қосылғаны туралы жарияланды.

"Бір ауыл — бір өнім" жобасы алғаш Жапонияда ойлап табылған. Өңірлерді дамыту мақсатында әзірленген жоба халықтың әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қосты.

Жоба аясында белгілі бір аймақтың еркшелігін көрсететін бірегей, сапалы өнім өндіруге болатын саланы табу, зерттеу көзделген. Сонымен қатар, жергілікті ресурстардан сапалы өнім өндіруді, бизнесті басқару, маркетинг пен өнімді өткізу мүмкіндіктерін кеңейту, жергілікті және халықаралық нарықтарда өнімді тарату, жергілікті брендтер шығару және өнімнің құндылығын арттыру тұрғысынан өндірушілердің дағдыларын дамытуға бағытталған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жоба Қырғызстанның Ыстықкөл облысында бірнеше жыл бойы іске қосылған және жұмыс орындарын құру мен өндірілген өнімді Жапонияға, Қытайға, АҚШ-қа және Қазақстанға экспорттаудан пайда алу түрінде оң нәтижелер көрсеткен.

"Одан әрі нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың, қорлардың, академиялық топтардың, қауымдастықтардың, бизнес-сектордың күш-жігерін біріктіру қажет", - делінген хабарламада.

Министрлер Кабинетіне "Қырғызстанда жасалған" (Made in Kyrgyzstan) Ұлттық брендін құру тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу