Құжат табиғи газды тасымалдау, бөлу және есепке алу, газ инфрақұрылымы объектілерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ заманауи технологияларды енгізу және өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру бағыттарында өзара іс-қимылды дамытуға және практикалық тәжірибе алмасуға бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тараптар газ тасымалдау және газ тарату жүйелерінің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру, технологиялық процестерді жетілдіру, цифрландыру және диспетчерлік басқару мәселелеріне ерекше назар аударды.
"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов меморандумға қол қою компанияларымыз арасындағы практикалық өзара іс-қимылды нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Сонымен қатар тәжірибе және озық техникалық шешімдер алмасу өндірістік процестерді жетілдіруге, газ инфрақұрылымын пайдалану сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.