Бір лудоманды емдеуге 1 млн теңгеге дейін қаржы кетеді – Ринат Зайытов

1131

Мәжілісте ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер таныстырылды. 

Бір лудоманды емдеуге 1 млн теңгеге дейін қаржы кетеді – Ринат Зайытов Фото: el.kz

Депутат Ринат Зайытов бір лудоманды емдеуге 1 млн теңгеге дейін қаржы кететінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өздеріңіз көріп отырсыздар, бір лудоманды емдеуге 500 мың теңге мен 1 млн теңгенің аралығында қаржы кетеді. Зар жылап, өздері қарызға кірген лудоманның туыстары не істейді? Оны емдету үшін тағы кредит алуға тура келетіні болып тұр. Осы ретте сіздерден лицензия алған кеңселер және тағысы болсын неге қосымша салық төлемейді? Ең болмаса бір лудоманды емдетудің жарты қаржысын көтеріп алатындай. Қаржы министрлігінде осындай мүмкіндік бар ма? Осыны букмекерлік кеңселерге енгізуге бола ма?", - деді Ринат Зайытов.

Қаржы министрлігінің өкілі Қайрат Миятовтың сөзінше, қазіргі режимде букмекерлік кеңселер белгіленген мөлшерлемемен салық төлеп отыр. 

Айта кету керек, осыған дейін мәжілісмен қылмыс жасайтындардың 20 пайызы құмар ойынға салынғандар екенін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу