Біртанов ісі: Апелляциялық сот шешімі шықты

632

Экс-шенеуніктерге шығарылған сот үкімі күшінде қалды. 

Біртанов ісі: Апелляциялық сот шешімі шықты Фото: Halyq Uni

Елордада бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты, деп жазады inbusiness.kz. 

Апелляциялық алқа экс-шенеуніктердің шағымын қанағаттандырмады. 

"Сот алқасы қаулы етті: Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық сотының өткен жылғы 28 қазандағы Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылсын. Сотталғандардың қорғаушыларының апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын. Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді", - делінген сот шешімінде. 

Еске салайық, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі мен экс-вице-министрге қатысты сот үкімі 2022 жылдың 28 қазанында шыққан болатын. Оған сәйкес Елжан Біртанов 5 жылға, ал Олжас Әбішев 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Одан кейін экс-шенеуніктердің адвокаттары №2 Сарыарқа сотының үкіміне апелляциялық шағым түсірген болатын. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу