Бишімбаев ісі: қорғаушылар істі прокуратураға қайта жіберуді сұрады

3080

Қуандық Бишімбаев қорғаушысы өтінішпен сотқа жүгінді. 

Бишімбаев ісі: қорғаушылар істі прокуратураға қайта жіберуді сұрады Фото: ratel.kz

Қорғаушылар тергеу жұмыстары заңға сай жүргізілмегенін жеткізді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қылмыстық кодекстің 23 бабы бойынша, сондай-ақ нормативтік қаулының 22-тармақтарына сәйкес, Бишімбаевқа тағылған айыпты өзгерту қажет. Ол басты сот талқылауына кедергі келтіретін, қылмыстық заңнамаға қайшы әрекеттер болғаны үшін істі қайта прокуратурға жіберуді өтінеміз. Өйткен сот өз бетінше бұл кедергілерді өз бетінше жоя алмайды",— деді қорғаушы жақ.

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтіп жатыр.

Экс-министрдің ісі бойынша тыңдауды судья Айжан Құлбаева жүргізеді. Отырыс алдында залға екі мемлекеттік айыптаушы, қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туыстары, Бишімбаевтың ата-анасы, сондай-ақ олардың қорғаушылары қатысып жатыр.

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, 9 қараша күні ұсталғанын еске саламыз. Қайғылы оқиға Bau мейрамханасында болды. 8 қаңтар күні Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталғаны хабарланды. 11 қаңтарда елордалық сотта оның қамауға алынуы 9 наурызға дейін ұзартылғаны туралы хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу