Бишімбаев жағы тергеу эскпериментін жүргізуге өтініш білдірді

1126

Қуандық Бишімбаев қорғаушылары бүгін бірнеше өтініш білдірді.  

Бишімбаев жағы тергеу эскпериментін жүргізуге өтініш білдірді Фото: Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Сот процесі барысында Қуандық Бишімбаевты қорғау тарапы куәгерлердің айғақтарына күмән келтірді. Бұрынғы Ұлттық экономика министрінің адвокаттарының бірі тергеу экспериментін жүргізу туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Куәгерлердің айғақтарындағы қайшылықтарды жою және іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін Бишімбаевтың қатысуымен тергеу экспериментін жүргізуді сұраймыз. Қайшылықтарды жою үшін оқиға орнындағы айғақтарды тексеру және нақтылау оқиға орнындағы куәгерлердің айғақтарына тексеру жүргізу туралы өтініш білдіреміз", – деді Бишімбаевтың қорғаушысы.

Бұған дейін Бишімбаевтың қорғаушылары BAU мейрамханасының камераларына түскен видео заңсыз түрде алынып, іске қосылғанын, жеке жазбаларда "Салтанаттың өзі Бишімбаевты қатты қызғанғанын" көруге болатынын хабарлаған болатын.

Айта кетейік, 2024 жылдың 11 наурызында басталған алдын ала сот тыңдауында сотталушы Қуандық Бишімбаевтың авдокаттары бірнеше өтінішхат жолдады. Оның ішінде адвокаттар қылмыстық іс материалдарын тергеуді әрі қарай жалғастыру үшін прокуратураға қайтаруды, Бишімбаевтың әрекетін 99-баптан (аса қатыгездікпен адам өлтіру) 104-баптың 1-бөлігіне (абайсызда қазаға ұшырату) қайта саралауды сұрап отыр.

Экс-министрдің ісі бойынша тыңдауды судья Айжан Құлбаева жүргізеді. Бүгін отырыстың екінші күні. Қорғаушылар өтініші тыңдалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу