Биыл Алматыда тұрмыстық газды пайдалануға қатысты 28 оқыс оқиға тіркелді

807

Салдарынан 3 адам қаза тапты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Александр Рау мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Биыл Алматыда тұрмыстық газды пайдалануға қатысты 28 оқыс оқиға тіркелді

"Осы жағдайлардың 17-сі табиғи газдан улану. Салдарынан 36 адам зардап шекті. Оның ішінде 22 бала. Өкініштісі 3 адам қаза тапты. Тағы 11 газ-ауа қоспасының жарылуы сынды жағдайлар орын алды. 6 адам зардап шекті. Жүргізілген талдауға сәйкес, өрттің, жарылыстың және адамдардың улы газбен улануының 60%-ы адамдардың жылыту құралдарын, газ жабдығын пайдалану кезінде өздерінің немқұрайлылықпен қарағанынан болғанын көрсетті. Тұрғындар мұржаларды бақыламайды, оны дұрыс қоспайды. Сондықтан оның тұтастығы бұзылады. Тұрғындар газ плиталарын қараусыз қалдырған жағдайлар болды", – деді спикер. 

Жазатайым оқиғалардың тағы 40%-ы газдың шығуы, резеңке түтіктің тозуы, газ баллондарының дұрыс сақталмауы салдарынан орын алған. 

"Алматыда бүгінде қатты отынмен жылытылатын 1 646 үй, 13 көппәтерлі тұрғын үй бар. Сондай-ақ тұрмыста газ баллондарын қолданатын 312 көппәтерлі тұрғын үй бар. Бұл негізінен қазіргі уақытта тұрғындар жекешелендірген бұрынғы жатақханалар", – деді Александр Рау. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу