Биыл мемлекеттің жалпы экономикадағы үлесі 14%-ға дейін қысқарды

325

Мемлекеттің экономикадағы үлесі ақырындап азайып жатыр. 2019 жылдан бастап 1000-ға жуық кәсіпорын жекеменшік қолына берілді.  

Биыл мемлекеттің жалпы экономикадағы үлесі 14%-ға дейін қысқарды Фото: Janabastau.kz

Аталмыш шаралардың нәтижесінде осы жылы мемлекеттің жалпы экономикадағы үлесі 14%-ға дейін қысқарды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Мемлекеттің экономикадағы үлесі ақырындап азайып жатыр. 2019 жылдан бастап 1000-ға жуық кәсіпорын жекеменшік қолына берілді. "ҚазМұнайГаз", "KEGOK", "ҚазАтомӨнеркәсіп" акциялар пакеті  IPO мен SPO-ға сәтті шығарылды. Үкіметтің жекешелендіру бойынша кешенді жоспары аясында Air Astana, QazaqGaz, "Қазақстан темір жолы" сынды ірі портфелді компаниялардың акцияларын бірінші, екінші нарыққа шығару көзделген. Аталмыш шаралардың нәтижесінде осы жылы мемлекеттің жалпы экономикадағы үлесі 14%-ға дейін қысқарды", — деді Премьер-Министрдің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев.

2025 жылға дейін Қазақстан шағын, бірақ тиімді квазимемлекеттік секторға айналуға тырысады. Ол үшін үстемдік құрған мемлекеттік сектор рөлін азайтып, бәсекелестік орта қалыптастыруды алға қойған кешенді шаралар қолға алынады. Жаңа бақылау саясатын енгізу аясында мемлекет "Атамекен" палатасы жанынан Корпоративтік басқару кеңесін құрды. Кеңес құрамына мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер, қор биржасы, мамандандырылған халықаралық институттар өкілдері мен осы саланың беделді сарапшылар кіреді.

"Қазақстан ашықтық пен есептілікке негізделген корпоративтік саясатты мемлекеттік кәсіпорындарда ғана емес, жекеменшік секторында да енгізуге мүдделі. Болашақта біз ЭЫДҰ-ның мемлекеттік компанияларды корпоративтік басқару жөніндегі басшылық қағидаттарына қосылуды жоспарлап отырмыз. Өз кезегінде ұсынымдарды имплементациялау ЭЫДҰ стандарттарын корпоративтік басқару практикасына енгізу қазақстандық компаниялардың әлемдік капитал нарығына қол жеткізуіне жәрдемдесетін болады. Осы мақсатта ЭЫДҰ Кеңесі министрлер деңгейінде корпоративтік басқарудың жаңартылған қағидаттары қабылдады, содан кейін 20-лықтың жетекшілері оны мақұлдады. Жыл сайын бизнесті табысты дамыту, тұтынушылар мен инвесторлардың сеніміне ие болу үшін ESG (environmental, social, governance) стандарттардың маңыздылығы артып келеді. Сондықтан компания жұмысының нәтижесіне әсер етуі мүмкін ESG-факторларын талдап, ESG-тәуекелдерге баға бере білу маңызды", — деп түсіндірді Ғ.Қойшыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу