Биыл Павлодар облысында 2 жайлы мектеп салынады

553

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде аймақта 5,5 мың орындық 5 мектеп бой көтереді. 

Биыл Павлодар облысында 2 жайлы мектеп салынады Фото: KP.KZ

Оның ішінде екеуінің құрылысы биыл басталады. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

"Үш ауысымды мектеп мәселесі тек облыс орталығында ғана бар екенін атап өткім келеді. Ақсуда да, Екібастұзда да, облыстың қалған 10 ауданында да оқушы орындарының тапшылығы мәселесі жоқ. Павлодарда негізгі тапшылық Усольский шағын ауданында байқалып отыр. Мұнда тұрғын үй кешендері белсенді салынған. Сондықтан 2 мектеп үлкен жүктемеге тап болды", - деді ол журналистердің сауалына берген жауабында.

Оның сөзінше, аталған шағын ауданда 1200 орынға арналған жаңа мектеп салу жоспары бар. 

"Құрылыс келесі жылы басталады деп көзделіп отыр. Алдағы 2024-2025 жылдары біз бұл мәселені шешеміз. Жалпы мектептегі орын тапшылығына келсек, бұл мәселе алдағы екі жылда өз шешімін табады", - деді аймақ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу