БҚО-да дропперлікпен айналысқан ерлі-зайыптылар сотталды

81

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 1 млн 460 мың теңгені құрады.  

БҚО-да дропперлікпен айналысқан ерлі-зайыптылар сотталды Фото: fingramota.kz

Теректі аудандық сотының үкімімен ерлі-зайыптылар дропперлік үшін сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айыпталушылар өздерінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға беру арқылы ақшалай қаражатты заңсыз аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру схемаларына қатысқан.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура азаматтарды қырағылық танытуға және банктік деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу