БҚО-да қыз зорлады деген күдікке ілінген шенеунік ауруханада қайтыс болды

118

Бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр.  

БҚО-да қыз зорлады деген күдікке ілінген шенеунік ауруханада қайтыс болды Фото: liter.kz

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінде жұмыс істеген азамат ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, шенеунік 11 наурыз күні ауыр жағдайда Орал қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілген.

Ол 16 наурызда есін жимастан қайтыс болған. Дәрігерлер бауырдың токсикалық зақымдануы, бауыр некрозы және қант диабеті диагноздарын қойған.

Еске салайық, бұған дейін өңірде шенеунік кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікке ілінген еді. Оқиға 3 қаңтарда болған.

Жәбірленуші – Ақсай қаласының 16 жастағы тұрғыны. Оның сөзінше, 57 жастағы ер адам әлеуметтік желі арқылы өзін жас жігіт ретінде танысып, хат алмасқан. Кейін әлгі адам қызды қонаққа шақырып, такси жіберген. Үйіне келген соң, оған күш қолданғаны айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу