Болат Жәмішев Қазақстан Даму банкінің басқарма төрағалығынан кетеді

1141

Ол 26 сәуірден орнын босатады.

Болат Жәмішев Қазақстан Даму банкінің басқарма төрағалығынан кетеді Фото: Серікжан Қобыланбаев

Қазақстан Даму банкінің басқарма төрағасы Болат Жәмішев қызметінен кетеді, деп хабарлайды Инерфакс-Қазақстан.

"Бұл менің Қазақстан Даму банкінің басқарма төрағасы ретінде қатысқан соңғы баспасөз жиыным. Осы банктің басқарма төрағасы болғаныма да 5 жыл. Мен осы айда өз еркіммен банктен кетуді ұйғардым",– деп хабарлады Болат Жәмішев.

"Сондай-ақ, мен, Цеснабанктің тәуелсіз директорымын. Әзірге, сол менің негізгі жұмысым болады",– деп қосты ол.

ҚДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, Болат Жәмішев өтініште 26 сәуірден бастап кететінін көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу