Болмаған төтенше жағдайдың салдарын жоюға қаржы жұмсамақ болғандар анықталды

709

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде лауазымды тұлға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Болмаған төтенше жағдайдың салдарын жоюға қаржы жұмсамақ болғандар анықталды Фото: Владимир Третьяков

Ақмола облысында прокурорлар болмаған төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша заңсыз жасасқан шарттарды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Біржан сал ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган 3 млн. теңгеден астам сомаға қызметтік автокөліктер мен ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге, конкурс өткізбей, бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасағаны анықталды. Конкурс өткізбеу себебі ретінде, төтенше жағдай салдарын жою қажеттілігін көрсеткен. 

Алайда, прокурорлар анықтағандай, Біржан сал ауданының аумағында төтенше жағдайлар жарияланбаған, яғни мемлекеттік сатып алу туралы шарттар негізсіз жасасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу