Бүгін 6 қалада қолайсыз метеожағдай қалыптасады

418

3 қазанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бүгін 6 қалада қолайсыз метеожағдай қалыптасады Фото: inbusiness.kz

Синоптиктердің болжамынша, тек Өскемен, Риддер, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу